Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 9:23

ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған үміткер кім?

Еліміз бойынша Түркістан облысының мектеп түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады. «Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже», деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан.

Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.

Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.

Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - «Алтын белгіге», 2 466 оқушы - «Үздік аттестатқа» үміткер.

ҰБТ Түркістан облысы жоғары балл

Тақырыпқа жаңалықтар