Placeholder
Фото: Бүрлен Әділетқызының жеке мұрағатынан
zheke arkhiv
Қазақстан жаңалықтары13 тамыз 2024, 10:12

Үрімжіден велосипедпен жолға шыққан қазақ қызы Астанаға жақындап қалды

Қытайдың Үрімжі қаласынан велосипедпен жолға шыққан Бүрлен есімді 20 жастағы қазақ қызы 2 000 шақырымынан астам жолды артқа тастап, Елордаға жақындап қалды.  Бүрлен Әділетқызы Шынжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Ол Қазақстан – Қытай арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Қазір Қарағанды облысының аумағында жүр. Ертең Астанаға жетіп, «Бәйтерек» монументінің жанында сапарына нүкте қоюды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл сапарды көптен бері ойластырп жүр едім. Тәуекелге бел буып, 21 шілде Үрімжі қаласынан жолға шықтым. Көңілімде қатты алаң болмады, өзіме сенімді болдым. Бұйырса мәреге жақындап қалдым. Басты мақсатым – екі елдің достығын насихаттау. Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим орнағаннан бері, саяхатшылардың саны артып келеді. Екі ел арасындағы достық мәңгілік болсын!», - деді қазақ қызы, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның айтуынша, күннің ыстығы мен жолдағы кедергілер сапар кезінде қиындық тудырған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ризабек Нүсіпбек (@rizabeknusipbek)

«Күніне 100-150 шақырым жол жүріп келемін. Күннің ыстығы аздап қиындықтар тудырды. Қызуым көтеріліп, ауырған күндерім болды. Жолдағы қаңғыбас иттерден қашқан кездерім бар. Алдымнан кездескен адамдардың барлығы қолдау білдіріп, суын беріп, тамағымен бөлісіп, көмектерін көрсетіп жатыр. «Жол азабын жүрген біледі» демекші, бұл сапар қиындығы мен қызы мол, өмірімнің бір белесі ретінде естеқаларлық ерекше күнге айналары сөзсіз. Қазақтың кең даласын көріп, көркем табиғатына көзім тоймай келеді», - дейді Бүрлен Әділетқызы.

Үрімжі Велосипед қыз Астана

Тақырыпқа жаңалықтар