Placeholder
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары8 тамыз 2024, 9:00

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басқарма төрағасы 9 жылға сотталды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл 2 тамызда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды.

Ағабековке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Халықаралық жасыл технология 9 жылға сотталды Ағабеков Жемқорлық

Тақырыпқа жаңалықтар