Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 9:00

Жетісу облысында 1 мыңға жуық науқастан обыр анықталды

Жетісу облысында өткен тоғыз айда онкология белгісі бар 6 685 адам тіркеуге алынып, 1 мыңға жуық науқастан қатерлі ісік анықталғанған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл онкологиямен тіркелген науқастар 4,2 пайызға артқан. Ол скринингтен өткенде білінген. Науқастар онкологияның сүт безі, жатыр мойны және асқазанның қатерлі ісігіне жиі шалдығады.

- Дәрігерге дер кезінде қаралып, жоспарлы скринингтен өтіп тұрукерек. Биыл скрининг жоспары 81,7 пайызға орындалды. Жатыр мойны обырына шалдыққан 12 адам, сүт безі обырының белгісі бар 32 науқас анықталды. Бұл жағдайда ерте ем қабылдауға мүмкіндік бар, дерттен құлан- таза айығуға да үміт зор. Әсіресе, сүт безінің қатерлі ісігі әйелдерде жиі кездеседі. Тіркеудегі онкологиялық аурулардың 16 пайызын құрайды. 40-70 жас аралығындағы әйелдер сүт безінің қатерлі ісігін анықтайтын скринингтен міндетті түрде өтуі керек. Биыл 30 мыңға жуық әйел тексеріліп, 4829 науқастан ісік белгілері анықталды. Қатерлі ағымы 32 әйелден расталды, - дейді Жетісу облысы көпсалалы емханасы директорының орынбасары Гүләйім Оразбекова.

Жетісу облысы Қатерлі ісік Статистика обыр

Тақырыпқа жаңалықтар