Қазақстан жаңалықтары14 желтоқсан 2023, 22:39

Жетісу облысында 375 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісу облысында жосықсыз жекешеленіп кеткен және тиісті мақсатқа пайдаланылмай отырған жер көлемін анықтау мен ел игілігіне беру бағытындағы жұмыс қызу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәселен, былтырдан бері пайдаланылмаған және мақсатқа сай қолданылмай отырған 375 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 35,9 мың га жер ауыл тұрғындарына мал жаюға берілді. Сол сияқты мақсатты пайдалану үшін 140 мың гектар жер учаскесі конкурс арқылы үлестірілген. Яғни, аграрлық өңір саналатын аймақта егіс алқаптары мен жайылымдық жер тапшылығы әлі де өзекті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні мерекесінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді. 

«Агроөнеркәсіп саласының басты міндеті – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 120 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда 20 пайыздан артық өнім өндірілді, оның ішінде сүт өнімдері – 8,2%, сұйық май – 63,9%, балық өнімдері – 47,8%, шұжық өндірісі – 5,7% ұлғайды», - деп атап өтті Б. Исабаев.

 

Жетісу облысы 375 мың гектар жер мемлекет меншігі қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар