Қазақстан жаңалықтары23 қараша 2023, 15:29

Жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен

Астана полицейлері көліктен көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады.

. Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі 9 млн теңге сомасында ақша салынған сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған. Айтуынша, ол жолаушы тасып ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Ол көлік салонында досы ақшасы бар рюкзактың ұмытып кеткенін білмеген.

Бір түнде такси салонына 17 адам отырыпты.

Мұқият жұмыс істеген полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайды анықтап, бейнекамераларды қарап, қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адамды тапты. 

Жедел-іздестіруде 30 жастағы жолаушыны анықтады.

Қазір азіргі сол жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана такси ақша жоғалған

Тақырыпқа жаңалықтар