Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2023, 8:00

Зорлық: Жетісу облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ткралы Polisia.kz ресурсы жария етті. 

Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барып, өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

- Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешім: облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылғанын айтты.

Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызмет сәйкестігі толық еместігі туралы ескертілді.

Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те қызметінен босатылды.

Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Еске сала кетейік, Талдықорған полиция басқармасының бастығы кабинетінде қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған. 

Атығай Арыстанов Зорлық қызметтен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар