Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары30 қыркүйек 2024, 15:33

Жыл соңына дейін 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Осы жыл соңына дейін 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті. «Прокуратура органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша республика деңгейінде жұмыстарды жүргізуде. Учаскелердің ең көп саны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау,Павлодар облыстарында қайтарылған. Осы жылда да бүкіл ел бойынша мемлекетке шамамен 1 млн гектар жер учаскелерін қайтару жоспарланған», - деп атап өтеді Бас прокуратура, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылып, айналымға енгізілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни 4 есе қысқарды. Жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалды.

1 млн гектар Жер мемлекет меншігі

Тақырыпқа жаңалықтар