дүйсенбі, 11 қараша, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 32)
Қазақстан жаңалықтары
Талғардағы адам өлімі: жасөспірім қандай жарақат алды
Талғар орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері төбелес кезінде мерт болған жасөспірім Шерзат Болат пен оның туысы қандай жарақаттар алғаны туралы айтты. Талғар аудандық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірімді және тағы бір зардап шегушіні емдеу мекемесіне Шерзаттың әкесі 4 қазанға қараған түні сағат 00:58-де жеткізген. 
Қазақстан жаңалықтары
Димаш Құдайберген Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXІІ отырысында Ізгі ниет елшілері институты құрылды. Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылған. Қазақстан атынан танымал әнші, мәдениет саласының өкілі Димаш Құдайбергеннің кандидатурасы ұсынылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Ақмола облысының алты ауданындағы өрт сөндірілді
ЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді. Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөптер мен қамыс өртенген жердің алдын ала жалпы ауданы 33 га болды. ТЖ Департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ. 
Қазақстан жаңалықтары
Үкімет басшысы Ұлытау облысының активіне жаңа әкім Дастан Рыспековті таныстырды
Берік Әбдіғалиұлының Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылып, Дастан Рыспековтің Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты. 
Қазақстан жаңалықтары
«Семей орманындағы» алапат өрттен қаза болған өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды
«Семей орманы» резерватында былтыр шыққан алапат өрттен 14 адам көз жұмған еді. Кейін жалынның тағы да бір адамның өмірін жалмағаны белгілі болды. Марқұмдардың құрметіне Абай облысы Бородулиха ауданында ескерткіш ашылып отыр. Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығының маңы мен республикалық күре жолдың бойында орналасқан. Батылдық пен адалдықтың символына айналып, табиғатты қорғаймын деп мерт болған өрт сөндірушілер мен орманшыларды құрметтеу мақсатында қойылған композицияның авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев.