Ақмола облысының алты ауданындағы өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ
QR TJM
Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 13:34

Ақмола облысының алты ауданындағы өрт сөндірілді

ТЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді. Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөптер мен қамыс өртенген жердің алдын ала жалпы ауданы 33 га болды. ТЖ Департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Барлық фактілер бойынша халықтың отпен абайсыз пайдалануы себеп болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Атап айтқанда: төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген министрлік хабарламасында.

 

 

Ақмола облысы ТЖМ Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар