Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 14:00

БҚО-да анасын өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен анасын өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты. Жасөспірімге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты.

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

БҚО сотталды Жасөспірім анасын өлтірген
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар