Бектенов 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиян енгізуді тапсырды

3 қыркүйек 2024 13:54 / Новости Казахстана
Фото: Үкімет

Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілуі тиіс. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі жыл соңына дейін Заң жобасына тиісті нормалардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша нормаларды қамтамасыз етуі қажет. Цифрлық даму министрлігі Еңбек, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік әмиянның енгізілуін қамтамасыз етсін. Тиісінше, 1 желтоқсанға дейін Әлеуметтік әмиянға кіретін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту керек», - деді Үкімет басшысы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, Әлеуметтік әмиян тетігін енгізу заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұл жұмысты Цифрландыру және Еңбек министрліктері биылғы жылдың соңына дейін жүргізуі қажет. Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар жобасын тез арада Үкіметтің қарауына енгізсін. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы дәйекті түрде әрі мемлекеттік органдар мен экономика секторлары арасында үйлесімді іске асырылуға тиіс. Өзара іс-қимылдың теңгерімді тетігі ғана тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық министрліктер заң жобаларын сапалы пысықтау үшін Парламент депутаттарымен тығыз байланыста жұмысты күшейтулері қажет. Біздің әрбір қадамымыз ортақ нәтижеге – халқымыз бен еліміздің әл-ауқатына бағытталуға тиіс. Президент Жолдауының іске асырылу нәтижесін қазақстандық әрбір азамат сезінуі керек», - деді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары