19 жастағы петропавлдық заңсыз вейп сатқан
СҚО-да полиция қызыметкерлері элктрондық темекі өнімінің ірі партиясын тәркіледі. Күдікті ретінде 19 жастағы петропавлдықты анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті заңсыз вейп саудасымен айналысқан 19 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты.
Полиция 19 жасар азаматтан жалпы құны 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тапты. Жас жігіт еш жерде жұмыс жасамайды және оқымайды.
Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, – деді СҚО-да полиция қызыметкері
Еске салсақ, осы жылдың маусым айынан бастап вейптерге толықтай тыйым салынған болатын.