Бүгінгінің батыры: Мұзға құлаған баланы құтқарған адам марапатталды
Көкшетауда Қылшақты өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарған ер адам медальмен марапатталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күннің батырының есімі – Марат Зиядин. Ол 5 ақпанда үйіне бара жатқан кезде Қылшақты өзенінде мұздың астына түсіп кеткен баланы көріп, дереу көмекке келеді. Оның ширақ қимылының арқасында бала аман қалады. Судан алып шыққан балаға ол өзінің үстіндегі сырт киімін киізіп, үйіне дейін жеткізеді.
Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев батырға «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін тапсырып, ерлігі үшін алғысын білдірді.
«Арамызда жүрген осындай батырлардың ерлігі назардан тыс қалмауы тиіс. Ел Марат сияқты өз батырларын тануы керек. Мен қаламыздың батырын марапаттау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын», - деді құттықтау сөзінде Қанат Доспаев.