Қазақстан жаңалықтары20 сәуір 2024, 11:00

Есігі жоқ көлік айдаған Зайсан тұрғыны жауапқа тартылды

Зайсан қаласының тұрғындары көшеде алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікті айдағаны үшін жазаланды. Олар көшедегі бөтен кісінің видеосына кездейсоқ түсіп қалып, әлеуметтік желіде шу көтерді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зайсан қаласы көшелерінің бірінде жас жігіт алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлік жүргізген, қасында досы да отырған. Өздері үшін де, басқалары үшін де қауіпті жағдай туғызған тұрғындар камера объективіне түсіп қалған.

«20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәлімдемеде.

 

Зайсан есігі жоқ көлік жауапқа тартылды ШҚО

Тақырыпқа жаңалықтар