Көшпенділер ойыны: Қазақ күрес шеберлері екі алтын медаль алды

9 қыркүйек 2024 17:12 / Новости Казахстана
Фото: Хабар телеарнасы

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды. Ал ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандық 8 балуанның барлығы финалға шықты.

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғызстандық көкпаршылар Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтты.

Серіктес жаңалықтары