Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы көлемі 732,8 млрд теңге қаражат қайтарды
Қайрат Сатыбалдының мемлекетке жалпы көлемі қанша қаржы қайтарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«2022 жылдан бері жалпы 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, ақпанның басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарғанын хабарлаған еді.