Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 13:13

Ресейдің Атыраумен шекаралас өңірінде — африкалық шошқа обасы

 

Атырау облысымен шекаралас қоныстанған Астрахань өңірінде жұқпалы екі аурудың ошағы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media..

Аурудың бірі – бруцеллез, екіншісі – африкалық шошқа обасы.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша бас басқармасы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы мүмкін екенін ескертті.

«Астрахань облысының Приволжск, Енотаев және Харабалин муниципалды аудандарында мүйізді ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Ахтубинск муниципалды ауданының аумағында африкалық шошқа обасының ошағы анықталып отыр», - деп хабарлалы Астрахань облысы бойынша бас басқармасы.

 

Бруцеллез африкалық шошқа обасы Атырау облысы Астрахань

Тақырыпқа жаңалықтар