Қазақстан жаңалықтары9 желтоқсан 2023, 11:23

Жоғалып кеткен ер адам үш апта бойы құлдықта болған

Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен психикалық ауытқушылығы бар адам табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осы уақытқа дейін құлдықта болыпты. 

Полицияға хабарласқан әйел 50 жастағы ағасының хабар-ошарсыз кеткенін айтып көмек сұрады. Ер адамның психикалық ауытқушылығы бар. Тәртіп сақшылары оны дереу іздестіруге көшті.

«Полиция жоғалған азаматты тапты. Ер адам Семей қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында құлдықта болған. Оны алдап, байланыс құралдарын тартып алып әкеткен екі күдікті ұсталды», - дейді Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Жоғалған еркек үш апта бойы үй шаруашылығындағы жұмысқа жегілген. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 128-бабымен (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.

Абай облысы құлдық Жоғалған адам

Тақырыпқа жаңалықтар