Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Франция екі ресейліктің құны 70 миллион еуродан асатын мүлкін тәркілеген
15 қазан 2024 / Мир

Франция екі ресейліктің құны 70 миллион еуродан асатын мүлкін тәркілеген

Франция екі ресейліктің құны 70 миллион еуродан асатын мүлкін тәркілеген. Тәркіленген активтердің арасында Кот-д'Азурдағы виллалар мен премиум көліктер бар, олар Le Monde басылымының хабарлауынша, ресейлік кәсіпкерлер Руслан Горюхин мен Михаил Опенгеймге тиесілі. Бұған дейін ресейлік зерттеуші журналистер бұл кәсіпкерлерді Путиннің досы Аркадий Ротенбергпен байланыстырған. Атап айтқанда, Ротенбергтің мүлкі олардың атына тіркелуі мүмкін деп болжанған. Мұны кәсіпкерлердің өзі жоққа шығарды. 

ЕО Молдовадағы ресейшіл Гагаузия басшысына қарсы санкция салды
15 қазан 2024 / Мир

ЕО Молдовадағы ресейшіл Гагаузия басшысына қарсы санкция салды

ЕО Молдовадағы ресейшіл Гагаузия басшысына қарсы санкция салды. Молдова құрамындағы Гагауз автономиясының басшысы Евгения Гуцул аймақтағы «сепаратизмді ілгерілетуге жауапты», «конституциялық құрылысты құлатып, елдің егемендігі мен тәуелсіздігіне қауіп төндіруге» тырысады, деп атап өтті Брюссель. 

Астанада Koktal Run марафоны өтеді
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Астанада Koktal Run марафоны өтеді

Астанада Республика күніне орай Сарыарқа ауданында Koktal Run жүгіру марафоны өтеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. 19 қазан Koktal Run жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады. 

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің тізімі анықталды
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің тізімі анықталды

Мемлекеттік кеңесші Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Зиялы қауым өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 21 жұмысты қарады. 

Ақтөбеде қызын зорлады деп айыпталған әке сотталды
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде қызын зорлады деп айыпталған әке сотталды

Ақтөбеде қызын зорлаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәжбүрлі түрде емделеді. Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, 48 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы болғанымен Ақтөбеде тұрған. Орта білімді, жұмыссыз ер адамның отбасы бар. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды. 

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді

15-16 қазан күндері Астана қаласында Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері өтеді. Мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Армян киносы күндерінің ашылуы Астана қаласындағы «Кинопарк 7 IMAX Керуен» кинотеатрында өтетін «Армян анимациясының сиқырлы әлемі» анимациялық бағдарламасымен басталады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге режиссер Арман Чилингарянның «Жарық тамшылары» көркем фильмі ұсынылады. 

Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшінің өз-өзін атып өлтіргенін растады. «Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған», - делінген ресми ақпаратта. Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Байден дауылдан зардап шеккен штаттар үшін 612 миллион доллар бөлінетінін айтты
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Байден дауылдан зардап шеккен штаттар үшін 612 миллион доллар бөлінетінін айтты

АҚШ президенті Джо Байден «Милтон» және «Хелен» дауылдарынан зардап шеккен штаттарға 612 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Байден Флоридаға сапары кезінде мәлімдеді. «Алғашқы күндері 2 миллионнан астам тұрғын үшін электр жарығы қалпына келтірілді. Үздіксіз жұмыс істейтін 43 штат пен Канаданың он мыңдаған электр компаниясы қызметкерлерінің арқасында алдағы күндері одан да көп адам электр қуатына ие болады. Бүгін мен Хелен және Милтон дауылдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін 612 миллион доллар бөлінгенін мақтанышпен жариялаймын», – деді Байден.