Байден дауылдан зардап шеккен штаттар үшін 612 миллион доллар бөлінетінін айтты
Фото: Ақ үй
Aq üy
Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2024, 9:00

Байден дауылдан зардап шеккен штаттар үшін 612 миллион доллар бөлінетінін айтты

АҚШ президенті Джо Байден «Милтон» және «Хелен» дауылдарынан зардап шеккен штаттарға 612 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Байден Флоридаға сапары кезінде мәлімдеді. «Алғашқы күндері 2 миллионнан астам тұрғын үшін электр жарығы қалпына келтірілді. Үздіксіз жұмыс істейтін 43 штат пен Канаданың он мыңдаған электр компаниясы қызметкерлерінің арқасында алдағы күндері одан да көп адам электр қуатына ие болады. Бүгін мен Хелен және Милтон дауылдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін 612 миллион доллар бөлінгенін мақтанышпен жариялаймын», – деді Байден, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл қаражат зардап шеккен аудандарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге, сондай-ақ облыстың энергетикалық жүйесін жақсартуға және табиғи апаттарға төзімді етуге бағытталатыны атап өтілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Байденнен кейін сөз сөйлеген Энергетика министрі Дженнифер Гренхолм штаттың зақымдалған электр желісінің шамамен 75 пайызы қалпына келтірілгенін және барлық жұмыс 15 қазан күні кешке аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, АҚШ-та «Хелен» дауылы құрбандарының саны 100-ден асты.

«Милтон» дауылы бәсеңсіді, алайда Флоридада 3 миллион адам жарықсыз қалды.

«Милтон» дауылынан қаза тапқан адамдар саны артты.

АҚШ-та дауылдан кейін қалқып жүрген тоңазытқышқа жабысқан ер адам құтқарылды.

612 миллион доллар Байден АҚШ дауыл

Тақырыпқа жаңалықтар