Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2024, 10:00

Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшінің өз-өзін атып өлтіргенін растады. «Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған», - делінген ресми ақпаратта. Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі», - деп атап өтеді Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Күні кеше ғана Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Әскери өзіне-өзі қол жұмсаған.

Приозерск әскери қызметші суицид Әскери

Тақырыпқа жаңалықтар