Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді
15-16 қазан күндері Астана қаласында Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері өтеді. Мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Армян киносы күндерінің ашылуы Астана қаласындағы «Кинопарк 7 IMAX Керуен» кинотеатрында өтетін «Армян анимациясының сиқырлы әлемі» анимациялық бағдарламасымен басталады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге режиссер Арман Чилингарянның «Жарық тамшылары» көркем фильмі ұсынылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мерекелік концерт Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді. Онда Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі өнер көрсетеді, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі –1938 жылы құрылған КСРО-ның алғашқы джаз ұжымдарының бірі. Әйгілі музыканттарымен, бай репертуарымен танымал ұжым бүгінде әлемдегі ең үздік оркестрлердің бірі.Сонымен қатар Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме ұйымдастырылады. Көрмеде Сергей Параджанов музейінің мұрағатынан 45 фотосурет ұсынылады. Оның 20-сы белгілі кинорежиссердің күнделікті өмірі мен шығармашылық ойларына, ал 25-і көркем туындыларына арналған.16 қазанда режиссер Эдгар Багдасарянның «Яша и Леонид Брежнев» атты көркем фильмі көрсетіледі.Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтетін Соса Саркисян атындағы «Амангаин» мемлекеттік театрының «Лю-Беф» спектаклімен қорытындыланады.