Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды. 

Киев Иранды Ресейге зымыран бермеуге шақырды
9 қыркүйек 2024 / Мир

Киев Иранды Ресейге зымыран бермеуге шақырды

Киев Иранды Ресейге зымыран бермеуге шақырды. АҚШ билігі қару-жарақ әлдеқашан тапсырылғанын айтты. 7 қыркүйекте Украина Сыртқы істер министрлігі Иранды Ресейге ешқандай жағдайда баллистикалық зымырандар бермеуге шақырды. «Екі жылдан астам уақыттан бері Украина мен украиндар күн сайын өлімге әкелетін қарудың барлық түрлерімен, атап айтқанда Иранда жасалған ұшқышсыз ұшақтармен ресейлік лаңкестік шабуылдардан зардап шегуде», - деді Украина министрлігі. 

Қытай қазағы аралас жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, $140 мың еншіледі
9 қыркүйек 2024 / Sport

Қытай қазағы аралас жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, $140 мың еншіледі

Қытайлық ұлты қазақ ММА шебері Нартай Қызырбайұлы кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қандасымыз Қытайдағы ең танымал JUE CHENG KING атты ережесіз жекпе-жек бәсекесінде өнер көрсетіп, тибет ұлтынан шыққан танымал файтер Зы Уаңмен шеберлік байқасты. 

Стоматологиялық қызметтің бағасы өзгерді
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Стоматологиялық қызметтің бағасы өзгерді

Energyprom.kz сайты ұсынған мәліметке сүйенсек, елімізде стоматологиялық қызметтің бағасы қымбаттаған. Биылғы бірінші жартыжылдықта стоматологиялық қызмет көрсету көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға өсіп, 48,8 млрд теңгені құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 33,8 млрд теңге болатын. 

Көшпенділер ойыны: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Пута нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды. Олардың ішінде үш қазақстандық садақшы бар. Пута нысанасын көздеуге Аустралия, Германия, Әзербайжан, Мажарстан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Йемен, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай сынды 33 мемлекеттен 180 спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Жәнібек Құлмырзаев, Қанат Қасымхан, қырғызстандық Исхак Токонов, мажарстандық Ласло Кочка финалға шықты. 

Көшпенділер ойыны: Қазақ күрес шеберлері екі алтын медаль алды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақ күрес шеберлері екі алтын медаль алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды. Ал ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. 

Украинада кадрлық өзгерістер. Верещук Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
9 қыркүйек 2024 / Мир

Украинада кадрлық өзгерістер. Верещук Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Украинадағы кадрлық өзгерістер. Верещук ресми түрде Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.  Украинаның уақытша басып алынған аумақтарды реинтеграциялау жөніндегі бұрынғы министрі Ирина Верещук ресми түрде президент кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Өзбекстан мен Қытай жасыл энергетика және сауда саласындағы ынтымаққа келісті
9 қыркүйек 2024 / Евразия

Өзбекстан мен Қытай жасыл энергетика және сауда саласындағы ынтымаққа келісті

Өзбекстан мен Қытай жасыл энергетика және сауда саласындағы ынтымақтастық туралы келісті. Республикалар фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестік қатынастарды дамытуға ниетті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Тяньцзинь қалалық партия комитетінің хатшысы Чэн Миньэр бастаған Қытай делегациясымен келіссөздер жүргізді.