Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басқарма төрағасы 9 жылға сотталды
8 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басқарма төрағасы 9 жылға сотталды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл 2 тамызда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алған.

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды
8 тамыз 2024 / Sport

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. 

Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқарады
8 тамыз 2024 / Мир

Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқарады

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқарады.  84 жастағы экономист Мұхаммед Юнусты тағайындау туралы шешім ел президенті мен Юнустың кандидатурасын талап еткен «Студенттер кемсітуге қарсы» наразылық қозғалысы жетекшілерінің кездесуінде қабылданды. Уақытша үкіметтің түпкілікті құрамы Бангладештегі саяси партиялармен кеңескеннен кейін анықталады, деп қосты президенттің баспасөз қызметі.

Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді
8 тамыз 2024 / Мир

Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді.  Батыс Африкадағы осы мемлекетті басқаратын әскери хунта Киевті «террорлық топтарға» қолдау көрсетеді деп айыптады, деп таратты «Франс Пресс». Нигер, сондай-ақ, Украинаның «агрессиясын» талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек, деді үкімет өкілі полковник Амаду Абдраман. 

Ақтөбеде жүк көлігінің астына кіріп кеткен мәшинедегі адам мерт болды
8 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде жүк көлігінің астына кіріп кеткен мәшинедегі адам мерт болды

Самара — Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігі мен Toyota Ipsum соқтығысқан кезде бір адам көз жұмды. Тағы біреуінің жағдайы беймәлім. 

Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
8 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.  Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. 

Hugo Boss Ресейден кетті
7 тамыз 2024 / Мир

Hugo Boss Ресейден кетті

Hugo Boss Ресейден кетті. Неміс сән үйі ресейлік бизнесін сатуды аяқтады. «Біз ресейлік еншілес компаниямыздың елдегі Hugo Boss компаниясының көпжылдық көтерме серіктестерінің біріне тиесілі «Stockmann» АҚ-ға сатылғанын растай аламыз», - делінген неміс компаниясының мәлімдемесінде.