Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді
Нигер Украинамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Батыс Африкадағы осы мемлекетті басқаратын әскери хунта Киевті «террорлық топтарға» қолдау көрсетеді деп айыптады, деп таратты «Франс Пресс». Нигер, сондай-ақ, Украинаның «агрессиясын» талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек, деді үкімет өкілі полковник Амаду Абдраман, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін, 5 тамызда Малидің билеуші хунтасы Украинаның туарег көтерілісшілерінің шабуылына қатысы бар деген болжам бойынша Киевпен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.
Шілде айының соңында олар Мали үкіметінің бір топ әскерін талқандап, олардың жағында соғысқан «Вагнердің» 84 ресейлік жалдамалысын өлтірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: