Еуразия10 сәуір 2025, 9:38

АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай ушықты

Қытай АҚШ-тың барлық өнімдеріне кедендік баж салығын 84%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қытайдың Қаржы министрлігі 10 сәуірден бастап АҚШ-тан келетін барлық импортқа қосымша баж салығы енгізілетінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген тарифтерге жауап ретінде Қытай тарифті тағы 34%-ға арттырған.

Демек, 10 сәуірден бастап Қытай АҚШ импортына 84%, ал 9 сәуірден бастап АҚШ Қытай импортына 104% баж салығын салады.

АҚШ, Қытай, салық

Тақырыпқа жаңалықтар