Placeholder Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асты
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Еуразия31 қазан 2024, 10:00

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асты

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды.  Қаңтар-қыркүйек аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 48,2 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті. Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 190 елімен сауда-саттық жасайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

9 айдың қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 9 млрд доллардан (жалпы көлемнің 18,7%) асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 18% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 8,6 млрд доллар болды.

Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан (жалпы көлемнің 6,2%) асты.

Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 997,7 млн доллардың тауарын экспорттап, 2 млрд доллардан астам сомаға тауар импорттаған.

Қазақстан Өзбекстан тауар айналымы 3 млрд доллар

Тақырыпқа жаңалықтар