Қырғызстан кино өндірісінде жасанды интеллект пайдаланатын болады
Қырғызстан кино өндірісінде жасанды интеллект пайдаланатын болады. Республиканың Министрлер кабинеті кинематограф Қырғызстанның «алтын мұрасы» екенін мәлімдеді. Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов кино саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауға киноиндустрияның негізгі өкілдері қатысты. Бұл саланы дамытудың өзекті тақырыптары мен келешегі, соның ішінде кино өндірісінде жасанды интеллектті пайдалану мәселелері көтеріліп, сарапталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сондай-ақ, тараптар фильм түсіру үшін арнайы павильон салу, қырғыз кинематографиясын халықаралық орындарда танымал ету және анимациялық өнерді республикалық деңгейде одан әрі ілгерілету жолдарын талқылады.
Еділ Байсалов отандық кинематографияны қолдап, республикадағы киноиндустрияны дамытуға қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.
Ол кинематографияның оқу-тәрбие үрдісінде және ұлттық болмысты қалыптастыруда алатын орны зор болуы керек деп қосты.
Сондай-ақ, ол қырғыз тіліндегі контент көлемін, оның ішінде фильмдердің дубляждық нұсқаларын кеңейту қажеттігін растады.