Ресей Ферғана облысындағы IT-стартаптарға 100 мың доллар инвестициялайды
Ресей Ферғана облысындағы IT-стартаптарға 100 мың доллар инвестициялайды. Ресейлік инвесторлардың Big Dipper тобы IT секторы мен коммуникацияларды дамытуды, сондай-ақ экономиканы цифрлық трансформациялау жобаларын белсенді түрде қаржыландырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Big Dipper» ресейлік инвесторлар тобы Өзбекстанның Ферғана облысындағы IT-кәсіпкерлердің жаңа жобаларына қолдау көрсетеді. Жергілікті кәсіпкерлерді ынталандыру ретінде Ursa Major 100 мың доллар көлемінде бастапқы грант ұсынып отыр, деді облыс басшысы Хайрулло Бозоров.
Ресейден келетін инвестицияның көмегімен Ферғана облысы жергілікті биліктің жоспары бойынша ірі технологиялық қызмет көрсету орталығына айналуы тиіс. Кездесу барысында тараптар Ферғана облысындағы ақпараттық технологиялар саласындағы ауқымды бірлескен жобаларды, жергілікті стартаптарға инвестиция тартуды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржыландыруды, сондай-ақ ІТ-қызметтердің ірі аутсорсингтік платформасын құруды талқылады.
Серіктестік аясында құрылыс индустриясы мен дизайнды цифрлық трансформациялау, мектеп оқушыларының шет тілдерін меңгеру платформасын әзірлеу және білім беру ұйымдарының түлектерін қашықтықтан тестілеу жүйесін енгізу бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады.
Жұмыстың басында инвесторлар Ферғана облысында ұсынылған жобаларды тестілеу және тиімділігін талдау үшін 100 мың долларға дейін инвестициялауды жоспарлап отыр.
Ursa Major Ресейдің Сібір, Орал және Қиыр Шығыс сияқты аймақтарының инвесторларын біріктіреді. Олар ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, экономиканың цифрлық трансформациясына, онлайн сауда мен логистикаға, сондай-ақ әртүрлі салаларға қатысты жаңа және перспективалы жобаларға инвестициялайды.