Ташкентте Николай II дәуіріндегі 100 алтын тиынды сатпақ болғандар ұсталды
Ташкентте XIX-XX ғасырлардағы 100 дана «Николай» алтын тиынын 67 мың долларға сатпақ болғандар қолға түсті. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ташкентте Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Әндіжан облысы бойынша департаменті мен кеден органдарының қызметкерлері екі азаматты қолға түсіріп, қамауға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар 100 алтын тиынды 67 мың долларға сатпақ болған. Сондай-ақ олардың біріне тиесілі көліктен қосымша 37 алтын теңге табылған, деп хабарлайды Gazeta.uz Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, таза салмағы 776 грамм болатын 5 және 10 рубльдік алтын монеталар нумизматикалық нысан ретінде мәдени қазына саналады және көркемдік-тарихи құндылыққа жатады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: