8-сынып оқушысы өзін мазақтаған сыныптастарының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген
Красноярск қаласындағы №153 мектепте 8-сынып оқушысы сыныптастарына шабуыл жасап, оларды өртемек болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға салдарынан бір баланың денесінің шамамен 40 пайызы, ал тағы екі оқушының 15–20 пайызы күйік шалды.
Куәгерлердің айтуынша, оқушы алдымен мектептің әжетханасында унитаз қақпағын өртеп, кейін сыныпқа кіріп, сыныптастарының үстіне бензин құйған. Сонымен қатар, бірнеше балаға балғамен соққы жасаған.
Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, оқушы бұл әрекетін мектептің ортақ чатында алдын ала хабарлаған. Тіпті шабуылға кімдер ұшырайтынын анықтау үшін сауалнама жүргізген. Алайда сыныптастары бұл ескертулерге мән бермеген.
Бастапқы мәлімет бойынша, шабуылдың себебі – қатарластарының мазағы мен елемеуі.
Оқиға нәтижесінде бес оқушы зардап шеккен: үш бала күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, ал тағы екі оқушы балғамен соққы алғаннан кейін бас-ми жарақатымен ем қабылдауда.