Әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды
Әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеу әуежайында қамауға алынды, жеп хабарлайды Arbat.media.
Ресейлік Mash Telegram-арнасының дерегіне сүйенсек, Нұрлан Сабыров көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген, нақты айтқанда, көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған.
Әзілкешке 5000 рубль көлемінде айыппұл салынған. Енді ол елден шығып, кейін заңды түрде қайта кіруі қажет.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: