Эхо МосквыБүгін, 14:36

"Бүкіл Украина біздікі" — Путин

Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы кезінде орыстар мен украиндарды тағы да бір ұлт деп атап, Ресей "рухани жақын" адамдарды қорғау үшін әрекет етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы пленарлық отырыста Украинаға қатысты тағы бір даулы мәлімдеме жасады.

Ол орыстар мен украиндар — бір халық деп тағы қайталады.

“Біздің әрекетіміз өзін Ресеймен қан арқылы, рухани тұрғыда байланысты сезінетін халықты қорғауға бағытталды”, – деді ол.

Путин бұл тақырыпта бұған дейін де айтқанын және өзінің осы ұстанымынан айнымайтынын жеткізді.

“Бұл тұрғыда бүкіл Украина біздікі”, - деді Путин.

 

 

Путин Украина Соғыс Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар