Қырымда Ан-26 ұшағы апатынан 29 адам қаза болды
Қырымда Ан-26 ұшағы апатынан 29 адам қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған орынды тапты. Оқиға орнынан баяндалған есепке қарағанда, экипаждың 6 мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза болды” деп жазылған Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Ведомство өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ техникалық ақаудан апатқа ұшыраған. Ұшаққа сырттан ешқандай зақым келмеген деп айтылады.
Ресей қорғаныс министрлігі 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де әскери-көлік Ан-26 ұшағынан хабар үзілгенін хабарлаған. Ұшақ аннексияланған Қырымда жоспарға сай ұшқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: