Эхо МосквыКеше, 18:45

Ресейде тараздық екі жігіт қасақана қылмыс жасады

Ресейде 2006 жылы туған екі қазақстандық әдейі қоғам мүлкіне қиянат жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресейдің Ленинград облысындағы Ломоносов аудандық соты екі қазақстандықтың қамалғанын мәлімдеді. Олар РФ қылмыстық кодексінің 281-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы (адамдар тобы болып жасаған диверсия) бойынша күдікке ілінді.

Сот мәліметінше, Тараз қаласында туған екі жігіт Санкт-Петербург қаласында тұрып жүрген. Табыс көзі болмай күн көрісі қиындаған екеуі «кураторлардың» нұсқауымен заң бұзған. Олар 40 мың рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Ленинград облысының Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторының базалық станциясындағы қалқанды өртеген.

Күдіктілер ізін суытуға тырысқан. Алайда құқық қорғау органдары оларды ұстап үлгерген.

Аталған қылмыс үшін екі жігіт 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ресей Тараз азамат іс

Тақырыпқа жаңалықтар