Эхо МосквыКеше, 15:21

Студенттің проректорға жасаған жантүршігерлік ісі белгілі болды

Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының 20 жастағы студенті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media Аlash.kz сайтына сілтеме жасап.

Студент проректордың алқымынан алып, пневматикалық тапаншамен, пышақпен және бұрышты баллоншамен қорқытқан.

Төртінші курс студенті емтихан тапсыруға келіп, проректордың кабинетіне кіріп, баллоншаны шашып, қорқыта бастаған.

ЖОО күзетшілері дабыл түймесін басып, Росгвардия қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген күш құрылымдары студентті ұстады.

Алдын ала ақпарат бойынша, студенттің бұл әрекетке баруына академия әкімшілігінің өкіліне деген жеке араздығы себеп болған. Қазіргі уақытта ол одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.

Мәскеу Ресей өңір Студент

Тақырыпқа жаңалықтар