Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларын тағы атқылады
Украина дрондары Ресейдің Пенза облысы мен Удмуртиядағы Wildberries компаниясының қоймаларына шабуыл жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Пенза облысындағы қоймаға жасалған дрон шабуылы салдарынан бір адам жарақат алды. Тағы 200 қызметкер эвакуацияланды. Белгілі болғандай, қойма аумағында өрт шыққан. Бұдан басқа Удмуртиядағы Сарапул қаласында орналасқан Wildberries логистикалық орталығы да шабуылға ұшырады.
Компания мәліметінше, бұл нысанда да қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Компания логистикалық тізбек қайта ұйымдастырылғанын хабарлады. Қазір басқа орталықтар арқылы тауарлар қабылданып, тапсырыстар жөнелтіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: