Жолаушылар ұшағы құлап, борттағылар мерт болды
Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Аймақтық әкімшілік мәліметінше, бұл барлық күштер мен құралдарды жұмылдыру мақсатында жасалған.
Сонымен қатар, ТЖМ құтқарушылары бірнеше сағаттан кейін Ан-24 ұшағы құлаған жерге жекен, себебі апат орнына жету қиын жерде орналасқан.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, Амур облысында ұшақ апатынан кейін аман қалғандар жоқ.
Еске салайық, 24 шілдеде Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы радарлардан жоғалып кеткені белгел болды.
Ресей ТЖМ мәліметінше, ұшақ Тында қаласы әуежайынан бірнеше шақырым жерде радарлардан жоғалған. Амур облысы губернаторының мәліметінше, "Ангара" әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында 43 жолаушы (соның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына құтқарушылардың тікұшағы жіберіліп, ұшақтың жанып жатқан фюзеляжы табылған.