Әлем28 ақпан 2024, 8:00

"10 жылға сотталады". Еуроодақ экологиялық қылмысқа жазаны күшейтті

Еуроодақ экологиялық қылмысқа жазаны күшейтті: енді тіпті 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың тізбесі және ол үшін жаза қатайтылады.

Күрделі экологиялық бұзушылықтарға заңсыз ағаш кесу нәтижесінде алынған ағаштың заңсыз айналымы, қоршаған ортаға зиян келтіретін машина бөлшектерін заңсыз кәдеге жарату, экологиялық зиянды химиялық заттарды пайдалану және кәдеге жарату ережелерін бұзу жатады.

Жеке тұлғалар мен компания өкілдері жасаған экологиялық қылмыс үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Өлімге әкеп соқтырған қасақана экологиялық қылмысы үшін ЕО-ның барлық елдерінде адам кемінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қоршаған ортаға қарсы ауыр қылмыс жасаған компанияларға әлемдік жылдық айналымының 5% дейін айыппұл салынады немесе 40 миллион еуроға дейін төлем жасалады.

Жаңа заң бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапты кәсіпорында басшылық қызмет атқаратын тұлғалар кәсіпорынның өзімен бірдей жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еуроодақ экологиялық қылмыс жаза күшейтілді
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар