Америкалық мектеп оқушысы инженер Алексей Пожитнов ойлап тапқаннан кейін 40 жыл өткенде әйгілі кеңестік «Тетрис» бейнеойынының соңғы деңгейін аяқтаған тарихтағы бірінші адам болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ВВС жаңалықтары жария етті.
Оклахома штатының 13 жасар тұрғыны Уиллис Гибсон өзінің YouTube арнасында ойынның 157-деңгейіне өткен сәтін жариялады, онда ойын экраны қатып қалған.
157-деңгейге жету үшін Уиллиске небәрі 38 минут қажет болды, бұл — блоктар енді құламайтын және экран қатып қалатын соңғы деңгей.