2023 жылы мигранттар өлімі көп болған
Мигранттар өлімінің ең көп саны 2023 жылы болды. Бұл туралы БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы хабарлады. Оған сәйкес, былтыр әлем бойынша көші-қон жолдарында барлығы 8565 адам қаза тапқан. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20 пайызға артық, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мигранттар өлімінің жартысына жуығы суға батып, тоғыз пайызы көлік апатынан және жеті пайызы зорлық-зомбылықтан қайтыс болды. Ең қауіпті көші-қон жолы Жерорта теңізі болып қала береді.
Дегенмен, нақты сандар айтарлықтай жоғары болуы мүмкін, өйткені статистикаға тек расталған жағдайлар кіреді.
Мысалы, мигранттарды тасымалдайтын кеме түнде жағадан шығып, кейін жоғалып кетсе, адам өлімі құжатсыз қалады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: