31 жыл түрмеде отырған Наргиз Мохаммади Нобель сыйлығын алды
Бейбітшілік саласындағы 2023 жылғы Нобель сыйлығын ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммади алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Еuronews агенттігі жариялады.
Әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын алып тастауды жақтаушылардың бірі Наргиз Мохаммади Иранда бірнеше рет қамауға алынып, қазіргі кезде «мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Наргиз 2003 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Ширин Эбади басқаратын адам құқықтарын қорғау орталығы директорының орынбасары, сондай-ақ Ирандағы ұлттық бейбітшілік кеңесінің атқарушы комитетінің төрайымы болып сайланды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: