Әлем22 қараша 2023, 10:35

Адам Қадыров 15 жасында «зейнетақы» ала бастайды

Адам Қадыров 15 жасында «зейнетақы» ала бастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы Адам енді көптеген марапатының арқасында ай сайынғы төлем ала бастайды, деп хабарлайды Telegram-дағы "Можем объяснить" арнасы.

Соңғы екі айда кіші Қадыров 9 облыстық сыйлыққа ұсынылды. Бұл оған айына 8000 рубль мөлшерінде «зейнетақы», тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер, сондай-ақ тегін телефон байланысы мен тіс протезін қамтамасыз етеді.
 
2023 жылдың қыркүйегінде Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында баласы Адамның Құранды өртеп жіберді деп айыпталған Никита Журавельді ұрып-соққаны туралы видео жариялады.

Қараша айының басында кіші Қадыров әкесі болып табылатын Шешенстан басшысының қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тағайындалды.
 
Жақында DW мұндай «құрметті» марапаттар мен тағайындаулар Рамзан Қадыровтың Адамды мұрагер ретінде көретінін көрсете ме, жоқ па деп талқылаған еді. 

Адам Қадыров Зейнетақы марапаттар

Тақырыпқа жаңалықтар