Әдебиет: Нобель сыйлығы норвег драматургі Юн Фоссеге берілді
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы норвег драматургі Юн Фоссеге берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы норвегиялық жазушы және драматург Юн Фоссеге «айтып жеткізе алмайтынды білдіретін жаңашыл пьесалары мен прозасы үшін» берілді. Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті хабарлады.
Норвегиялықты баяу, медитативті прозаның шебері деп атайды. Сыншылар оны «Хенрик Ибсеннен кейінгі Норвегияның ең ұлы драматургі» деп атады.
Юн Фоссе 1983 жылы «Қызыл, қара» романымен көзге түскен, ал оның «Және біз ешқашан айырылмаймыз» атты алғашқы пьесасы 1994 жылы жарық көрді.
Бірнеше өлең жинақтары мен балаларға арналған кітаптардың авторы әдебиеттен сабақ беріп, журналистикамен де айналысқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: