Адель ұзақмерзімді шығармашылық үзіліс жасайтын болды
Британдық әнші Адель қазіргі концерттік туры аяқталғаннан кейін музыкалық мансабында ұзақ үзіліс жасауды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің күш-қуатым сарқылды. Жаңа музыка жазу туралы ешқандай жоспарым жоқ. Осының бәрінен кейін мен үлкен үзіліс жасағым келеді», - деді жұлдыз Мюнхенде өтетін 10 күндік концерттер сериясы алдында немістің ZDF телеарнасына берген сұхбатында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ВВС жариялады , - деп жазады Kazinform агенттігі.
Әншінің соңғы альбомы 2021 жылы шықты. Ол соңғы екі жыл бойы демалыс күндері Лас-Вегаста өнер көрсетті және жақында Caesars Palace Сауық кешенінде концерттік резиденция аясында өзінің 90-шы шоуын өткізді. Ол қараша айында аяқталады және Адель бұл тәжірибе оны эмоционалды түрде әлсіреткенін айтты.
Оның Германиядағы концерттері Лас-Вегастағы қойылымдарынан мүлде өзгеше болады, мұндағы концерттік алаң 4 мыңға жуық көрерменді сыйдырады: Мюнхенде әр кеш сайын оның әнін арнайы салынған уақытша стадионда 74 мың жанкүйер тыңдайды.
Әншінің концерттері 2 тамыздан бастап өтеді, бірақ барлық билет әлі сатылған жоқ: немістің DPA агенттігінің мәліметінше, билеттердің 5 пайызы қоймада қалды.
Промоутер Марек Либербергтің айтуынша, көптеген билеттер баға диапазонының ең жоғарғы және төменгі жағында қалды. Ең арзан билеттер 79 еуро, ал ең қымбаты 430 еуро тұрады.