Әлем23 наурыз 2024, 10:00

Ағайынды Гриммнің ертегілері 215 мың еуроға сатылды

Ағайынды Гриммнің ертегілері 215 мың еуроға сатылды. Кельндегі Venator & Hanstein аукционында Якоб пен Вильгельм Гриммнің «Балалар және отбасы ертегілерінің» бірінші басылымының сирек көшірмесі осындай сомаға бағаланды. Аукцион үйінің өкілі бұл бағаны рекордтық баға деп атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сөз болып отырған ағайынды Гриммдердің екі томдық ертегілер жинағы 1812-1815 жылдары 700 дана таралыммен басылды.

Алайда олардың көпшілігі содан бері жоғалып кеткен немесе зақымдалған.

Кельндегі аукционға қойылған жақсы жағдайда сақталған кітап үлгісі сирек кездеседі.

Ағайынды Гримм

Тақырыпқа жаңалықтар