Әйелі мен қызын соғыста жоғатқан украин майданда қаза тапты
Украиналық Юрий Глодан әйелі мен қызы Ресейдің зымыран шабуылынан қаза тапқаннан кейін әскери борышын өтеуге кеткен майданда қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Strana басылымы хабарлады.
2022 жылы 23 сәуірде ресейлік зымыран Одессадағы тұрғын үйді қиратып, Юрийдің әйелі мен үш айлық қызы мерт болды. Ол кезде Юрийдің өзі дүкенге шығып кеткен болатын.
Юрий Глоданның бұрынғы әріптесі Александр Яковенко: «Бүгін мен оның елін қорғау жолында қаза тапқанын білдім», - деп жазды.
Әзірге сарбаздың қазасы туралы ресми расталған жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: