ӘлемБүгін, 15:23

“Әкесі үш айлық ұлын шелекке батырып өлтірген”: Қанды қылмысқа қатысты сұмдық дерек шықты

АҚШ-та өзінің үш айлық ұлын кір жуғыш ұнтақ салынған шелекке батырып өлтірген әкенің әрекеті күллі қоғамды дүрліктірді, деп жазады Arbat.Media Alash.kz ұлттық порталына сілтеп. 

Белгілі болғандай, Индиана штатына қарасты Лафайетт қаласында 29 жастағы ер адам бұл әрекеті арқылы әйеліне «сабақ бергісі» келген.

Үш айлық баласын шелекке батырып өлтірген қаскөй әйелінің басынан монтировкамен ұрып, қатыгездікпен соққыға жыққан.

Айыптаушы тараптың айтуынша, ол бұл сұмдық әрекеттерді әйелін «ерлерге құрметпен қарауға үйрету» мақсатында жасаған.

Ұлын өлтіріп, әйелін өлтіруге оқталғаны үшін ер адам 92 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бала нәресте өлтірді әкесі

Тақырыпқа жаңалықтар