Әл-Шифа ауруханасындағы сәбилер Мысырға жеткізілді
Әл-Шифа ауруханасындағы сәбилер Мысырға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Газа секторының солтүстігіндегі әл-Шифа ауруханасынан эвакуацияланған шала туған және науқас балаларды тасымалдаған жедел жәрдем көліктері медициналық көмек алу үшін Мысырға Рафах шекара бекетінен өтті.
Бұл туралы Мысыр мемлекеттік телеарнасы таратқан видеода айтылды.
Бұған дейін Палестина Қызыл Жарты ай қоғамы шекарадан 28 сәби өтеді деп хабарлаған.
Оның қаншасы жедел жәрдем көлігінде болғаны белгісіз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: